Ауғанстанда зілзаладан 2500-ге жуық адам қаза тапты
Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 жарым мыңға жақындап қалды. Сонымен қатар, кемінде 9 мыңдай адам жараланған. 6,3 баллдық зілзала елдің батысындағы Герат қаласынан 35 шақырым жерде анықталды. Жер сілкінісінен 1300-ден астам үй қираған. Талай тұрғын үйінділердің астынан әлі шығарылған жоқ. Сондықтан құрбандар саны көбеюі мүмкін.
Тағы бір айта кететін жайт, Ауғанстан халқы жер сілкінісінен жиі зардап шегеді. Өткен жылдың маусым айында осы елдің Пактика аймағында 5,9 баллдық зілзаладан мыңнан астам адам қаза тауып, ондаған мың ауғандық баспанасыз қалған болатын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14