Үкімет 2,5 мыңнан аса өтінішті қараған
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар азаматтардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы Үкіметтің ақпаратын тыңдады.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Тірліктің тынысы тоқсан тарау, сексен сала десек, соның бәрі де бүгін Парламент қабырғасында қамтылғандай. Мәжіліс депутаттары ел-жерді аралап, 1800-ге жуық кездесу өткізген. Онда 43 мың адам қамтылды. Сол мыңдаған азаматтың мәселелері назарға алынып, Үкіметке жолданған. Мемлекеттік органдар 2500 өтінішті мұқият қарап шыққан. Талдап, саралап, жауап берді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асып жатқанының бір көрінісі болса керек. Мәжіліс мінберінде баяндама жасаған Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, ең көп сұрақ-өтініш жылу беру жүйесі туралы болған. Бүгін отырыс басталған бетте 40-тан аса депутат сұрақ қоюға өтініш берген екен. Әр түрлі сала бойынша маңызды мәселелер қамтылды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15