Ақтөбе облысында қызылшаға қарсы екпе алмаған 2700 тұрғын бар
Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Науқастардың көбі бұған дейін екпе алмаған балалар. Індет дендесе тұтас білім ошақтарын карантинге жабуға тура келеді дейді мамандар. Өңірдегі ахуалды әріптесім Жақсыбек Кемал жеткізеді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Өңірде екпе алмаған 2700 тұрғын бар. Олардың көбі – бала. Жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқандардың дені 14 жасқа дейінгілер. Қазір мектептер мен балабақшаларда сақтық шаралары күшейтілді.
Марал Жандаева, балабақша мейірбикесі:
«Екпе алмау себептері – денсаулығына байланысты алмай жатқандары бар және ата-анасының вакцинаға сенбеуіне байланысты. Бірақ әңгімелесу барысында, қызылшаның қандай қауіпті, қалай жұғатыны, балаға қалай әсер ететіні туралы әңгіме жүргізілгеннен кейін аламыз деп жатыр».
Жақсыбек Кемал, тілші:
Ақпан айынан бері 600-ге жуық адам қызылша жұқтырған. Қазір ауруханада 50 науқас ем алып жатыр. Тіпті отбасымен жатқандар бар. Дәргерлер індет өршу қаупі барын жоққа шығармайды. Сондықтан қосымша 30 мың доза вакцина дайындалған.
Бақыт Түлкібаева, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
«26 кереует 101-і аудандарда. Қалған 75 кереует облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Стационарларда емделіп жатқан аурулар асқынулармен емделіп жатыр.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Мамандардың айтуынша, жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін. Өңірде тек қыркүйек айынан бері 60-қа жуық оқушы қызылша жұқтырған.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01