Қостанай облысында туберкулезге қарсы екпе салуға қарсы ата-аналар көбейді
Қостанай облысында жаңа туған нәрестеге туберкулезге қарсы екпе салуға қарсы ата-аналар көбейді. Жыл басынан бері жүзден астам ана сәбиіне екпе салдырудан бас тартқан. Дәрігерлер туберкулезден сақтану шараларына қарсы адамдардың көбейгеніне алаңдап отыр. Бұл балалар арасында өкпе дертінің таралуына соқтыруы мүмкін. Көрсеткіштер де көңіл көншітпейді. Мысалы, былтыр 14 жасқа дейінгі 2 бала туберкулез жұқтырса, биыл 5-уінен осы дерттің таяқшасы табылған. Яғни, жеткіншеткер арасында өкпе індетін жұқтырғандар саны 2,5 есеге артты. Биыл 9 айда аймақта 7 мың 457 сәби дүниеге келген.
Гүлмира Мағзұмова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Бүгінде туберкулезбен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары ғана емес, тұрмыстық жағдайы жоғары адамдар да ауырып жатыр. Бұл аурудың көбеюіне, балалардың иммунитеті дамымауына - өмір салты, қоршаған орта, экология әсер етеді.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53