Израиль Газаға 6 мың бомба тастады
Бұл Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай. Израиль Хамастан кек алу операциясын жалғастырып жатыр. Өткен сенбіден бері оның әуе күштері Газа секторына 6 мың бомба тастап, 3600-ден астам ғимаратты қиратқан. Үйлер, ауруханалар және өзге де нысандар үйіндіге айналды. 340 мыңға жуық бейбіт тұрғын үйлерін тастап кеткен. Соғыстың басталуына хамастықтардың өткен апта соңында Израильдің оңтүстігіне басып кіруі себеп болды. Исламдық қозғалыс бұл шабуылды палестиналықтардың жерін оккупациялап, Газаны 16 жыл бойы блокададан босатпай отырған Израильге қарсылық ретінде ұйымдастырған. Соңғы мәліметке қарағанда, бүгінге дейін 1300-ден астам израильдік, 1400-дей палестиналық мерт болыпты. Тағы мыңдаған адам жараланған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14