Қазақстандық шахматшы Әлішер Сүлейменов сенсация жасады
Сенсация! Әлемнің ең үздік шахматшысы қазақстандық Әлішер Сүлейменовтен жеңілді. 23 жастағы отандасымыз Дохада өтіп жатқан «Qatar Masters Open» турнирінің екінші айналымында әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсенді ұтты. Отандасымыз ойын тең аяқталады деп ойлаған. Алайда, күтпеген жерден жеңісті жұлып әкеткеніне өзі де таңданысын жасырмады. Ал, жеңілісін мойындай алмай жатқан Карлсен бәріне қарсыласымның сағаты кінәлі деп, әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырған. FIDE әлемдік рейтингінде Әлішер Сүлейменов 528-орында, ал Карлсен бірінші орында тұр.
Әлішер Сүлейменов, шахматшы:
Тіпті, не айтарымды да білмеймін. Шынымен өзімнің жеңіп кеткеніме әлі сене алар емеспін. Ойынның алдында егер тең ойын болса, керемет болар еді деп ойлағанмын, тіпті жаттықтырушым да солай деген еді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14