Кейде өзімнің неміс екенімді ұмытып кетемін – Алина Кан
Бұл әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін насихаттап жүрген алматылық Алина Кан. Ол алты жылдан бері мемлекеттік тілді елге тегін үйретіп жүр. Алинаның мамандығы инженер болса да, мемлекеттік тілге деген құрметі батыл қадамдарға итермелеген. Кейде ұлтым неміс екенін ұмытып кетемін, дейді. Дәрістерін барынша қызықты өткізуге тырысады. Әріптестері оның ашық, адаммен тез тіл табыса білетінін айтады.
Арманы асқақ Алинаның жолдасы – кәріс. Ол да қазақша жақсы сөйлейді. Үй ортақ, мүдде бір болғандықтан, мемлекеттік тілді білу - әр адамның міндеті дейді.
Алина Кан, қазақ тілінің жанашыры:
Қазақтың еліне, қазақтың жеріне, жалпы халыққа деген махаббаттың арқасында мен қазақ тілін үйрендім деп ойлаймын және әрбір қазақша сөйлеймін деген адамға көмектескім келеді. Өйткені, біз қазақ бола тұра, қалай қазақ тілін ары қарай дамытпаймыз деген сұрақпен осылай сабақ беріп жүрмін. Мен өзімнің еліме үлкен үлес қосқым келеді. Болашақта қазақ тілі ары қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсе екен, үлкен халқымыздың бар екенін ел білсе екен деп қалаймын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15