Әкімдер сайлауы: Маңғыстауда 30 сайлау учаскесі дайын
5-қараша күні өтетін саяси науқанда Маңғыстауда Бейнеу ауданының әкімі сайланады. Бұл орынға 5 үміткер тіркелген.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров аймаққа арнайы барып, сайлау учаскелерінің дайындығымен танысты. Ауданда 30 учаске саяси науқанға сақадай сай. Мұнда дауыс берушілердің емін-еркін келіп, таңдау жасауларына толық мүмкіндік бар. Нұрлан Әбдіров Төлеп және Сарға ауылдарының тұрғындармен де кездесті. Жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:
Заңға кірген ерекшеліктерге, жаңалықтарға байланысты қазір енді ауыл әкімдерін тікелей ауылдастары мен ауыл тұрғындары сайлап жатыр. Қаншалықты өзгеріп жатыр бұлардың өмірлері? Өздері сайлап алған әкім қаншалықты тиімді, қаншалықты табысты еңбек етіп жатыр? Халық сайлап алып оған разы ма? Қандай сұрақтар туындап жатыр? Осының бәрін біраз әңгіме құрып, біраз талқыға салдық.
Аягөз Оралбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан — цифрлық даму және жасанды интеллект бағытында аймақта көшбасшы
19.10.2026, 20:14
Президент Ресейдің Ленинград облысының губернаторын қабылдады
19.10.2026, 20:07
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады
19.10.2026, 20:06
Бейбіт күннің батырлары
19.10.2026, 20:04
Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті
19.10.2026, 17:27
Қазақы тазылардың аңшылық қасиеттері сыналды
19.10.2026, 17:25
Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
19.10.2026, 17:24
Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды
19.10.2026, 17:22