Басты Жаңалықтар Президент Ресейдің Ленинград облысының губернаторын қабылдады

Президент Ресейдің Ленинград облысының губернаторын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады. Кездесу барысында өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды. Президенттің айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан. Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Бөлісу