Сенатор: Көгалдандыруға бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалды
Елімізде егілген әрбір үшінші тал тамыр жая алмай, қурап қалады. Сенатор Нұрлан Бекенов көгалдандыру жұмысын сынға алып, бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып отыр деді. Президент 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырған. Соған сәйкес 2021 жылы 138 млн, былтыр 280 млн тал егілген. Олардың тек 70 пайызы жерсінген. Биыл 409 млн тал отырғызу жоспарланған. Тенденция сақталса, оның 120 млн-ы қурап қалуы мүмкін. Сондықтан мұндайға жол бергендер жауапкершілікке тартылу керек дейді депутат. Бұдан бөлек ол ормандар мен курорттық аймақтардағы барлық ғимараттар мен құрылыстарды тексеруді ұсынды.
Нұрлан Бекенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Өсімдіктер мен ағаштарды өсіру, сондай-ақ оларға күтім жасау тәсілдерін қайта қарау керек деп санаймын. Көшет отырғызатын мердігерлік ұйымдарға ағаштарды одан әрі міндетті түрде күтіп-баптау мен жай-күйіне мониторинг жасау және ол туралы есеп беру тәртібі бекітілсін. Бұл міндет қызмет көрсету шартында көрсетіліп, оларды орындамағаны үшін жауапкершілік туралы талаппен бірге жазылуы керек.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07