Газаға екінші рет гуманитарлық көмек жеткізілді
Газа секторына екінші мәрте гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл жолы жүк 14 машинаға тиелген. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары мәлімдеді. Мұндай жәрдемнің алғашқы 20 машинасы Газаға Мысыр жақтан Рафах өткізу пункті арқылы сенбі күні кірген. Израиль 2 миллионнан астам тұрғыны бар Газаны Хамастың шабуылынан кейін, яғни, қазанның 7-нен соң блокадаға алды. Содан бері бұл секторда азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су мен отын таусылуға жақын. Соғысқа дейін, Газаға күніне жүздеген жүк машинасы тауар апарған. Израиль әуе күштері бұл анклавты әлі бомбалап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, Газада авиациялық соққылардан 4651 адам қаза тапқан. Олардың екі мыңға жуығы – бала. Израиль болса, 1400-дей адам жоғалтқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14