Республика күні - Егемендік бастауы
Халқымыздың еркіндігі мен бостандығының кепілі болған ұлттық мерекені Шымкент қаласының жұртшылығы да қуана тойлауда. Шаһарда 20-дан астам мәдени-патриоттық шаралар өтіп, оның соңы бүгін салтантты жиынға ұласты. Алаштың асқақ айбынын танытқан бейне баян көптің рухын асқақтатып, мерейі мен жігерін тасытты. Егемен елдің өткені мен даму кезеңдері, дала халқының дархандығы мен дара көңілі көрсетілді.
Қуаныш Айтаханов, Мемлекет және қоғам қайраткері:
Бұл біздің тарихымызда алтын әріппен жазылатын күн. Өйткені бірінші рет қазақ халқының егемендігі, болашағы, тағдыры туралы терең, жан-жақты үлкен 17 баптан тұратын құжат ешқашан қабылданбаған.
Мерекеге орай мегаполисте «Патриотизм дауысы» атты патриоттық әндер челленджі, «Мен өз елімнің азаматымын!» деген атаумен жастар арасында зияткерлік байқауы ұйымдастырылды. Білім ұяларында ашық тәрбие сағаттары өтті. Салтанатты жиында шаһардың дамуы мен өркендеуі жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен 40-қа жуық азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Ғабит Сыздықбеков, қала әкімі:
Тәуелсіздігіміздің айшықты мерекесі Республика күніне Шымкент қаласы үлкен жетістіктермен келіп отыр. Қаланың республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізді. Қаламызда шағын және орта кәсіпкерлік айырықша дамып келеді.
Тұғыры биік, іргесі бекем тәуелсіз елдің арқасында Шымкентте халық саны бес жылдың ішінде 200 мың адамға көбейді. Биыл қаланың бас жоспары бекітіліп, 2035 жылға дейін даму бағыттары айқындалды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15