Елена Рыбакина WTA-дің финалдық турнирінде жеңіске жетті
Қазақстан спортшылары жыл соңына қарай сенсация жасап, тарихи жетістіктерге жетіп жатыр. Еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина тарихта алғаш рет WTA-дің финалдық турнирінде жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда грекиялық Мария Саккариді 2:1 есебімен жеңді. Кездесуде Елена 6 эйс жасап, 9 брэйк-пойнттың төртеуін өз пайдасына жазды. Осы жеңістің арқасында отандасымыз топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды.
Ол бұған дейін әлемдік рейтингте өзінен бір саты тұрған Джессика Пегуладан ойсырай жеңілген еді. АҚШ өкілі әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы да жеңіп, турнирдің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты. Енді Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.
Айта кетейік, Мексикадағы финалдық турнир – маусымдағы әйелдер арасындағы соңғы ірі жарыс. Онда ең үздік сегіз теннисші кортта кездеседі. Жарыстың жүлде қоры – 9 миллион доллар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14