Жетісу облысындағы Сарыбұлақ ауылының бір топ жігіттері аудан әкімінің сайлауына салт келді
Ал Жетісу облысындағы Сарыбұлақ ауылының бір топ жігіттері аудан әкімінің сайлауына салт келді. Елдімекенде ұлттық ат спорт түрлерін дамытып жүрген шабандоздар елімізде алғаш рет өткізіліп жатқан саяси науқанда осылай ерекшеленгісі келді. Жетісу облысында сайлау Кербұлақ және Сарқан аудандарында өтті.
Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында ақ жаулықты әжелер өз таңдауын жасады. Елімізде өтетін әр бір сайлау науқанында белсенділік танытын «Шежіре» әжелер ансамблінің мүшелері кимешек киіп, қазақы салт-дәстүрін насихаттаудан жалыққан емес.
Жалпы, Кербұлақ ауданы бойынша электорат саны 28 мыңға жуық. Таңғы жетіден 59 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Ал әскери гарнизонда бір жабық сайлау учаскесі болды. Әуелде пилоттық жобада бақ сынаймыз деп 9 кандидат тіркелген. Ал бүгін тек 2 үміткер ғана қалған.
Батыс Қазақстанның Тасқала ауданында домбырашылар дауыс беруге жұдырықтай жұмылып, бірге келді.
Облыста үш ауданға жаңа әкім сайлануы тиіс. Бөкей ордасы, Қаратөбе және осы Тасқала аудандары бойынша барлығы 9 кандидат саяси науқанда бақ сынап жатыр. Әр ауданда үш үміткерден. Өңір бойынша 28 900-ге жуық азамат өз таңдауын жасады.
Ал көкпаршылар сайлауға сәйгүліктерімен келді. Бүгінгі күннің аудан болашағы үшін маңызын олар да жете түсінеді. Өңірде барлығы - бір облыстық, үш аудандық аумақтық, 63 учаскелік сайлау комиссиялары құрылды. Тәртіп, заң бұзу деректері тіркелген жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Көшені Гиннес рекордтар кітабына енгізуге өтінім берілді
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04