Иорданияда жүздеген дәрігер шеруге шықты
Иордания астанасы Амманда жүздеген денсаулық сақтау саласының қызметкері палестиналықтарға қолдау білдіру үшін шеруге шықты. Ақ халаттылар Газадағы ауруханаларға, дәрігерлерге шабуылды және атысты тоқтатуды талап етті. Палестина туын ұстаған шерушілер Израильдің Газаны бомбалауына қарсы ұрандар тастаған. Әлемнің ірі қалаларында Израильдің әскери операциясына наразылық акциялары күшейіп жатыр. Әуе шабуылдарынан Газа секторында 10 мыңға жуық палестиналық мерт болды. БҰҰ-ның бас хатшысы: «Газа балалардың зиратына айналып жатыр»,- деп мәлімдеді.
Антониу Гуттериш, БҰҰ бас хатшысы:
Күн сайын жүздеген қыз бен бала қаза тауып немесе жараланып жатыр. 4 аптада көптеген журналист оққа ұшты. Олардың саны соңғы 30 жылдағы қақтығыстар кезіндегіден әлдеқайда көп. БҰҰ-ның қаза тапқан қызметкерлерінің саны қаншама. Мұндай жағдай ұйым тарихында болған емес.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14