Қостанайда ұйымдастырылған форумға сарапшылар пікір білдірді
Ырыс алды - ынтымақ. Қостанайда ұйымдастырылған бүгінгі форумның мән-мағынасын осылай сипаттауға болады. Себебі, Қазақстан мен Ресей 7 мыңнан аса шақырым ортақ шекарасы бар көрші ел. Сан түрлі саладағы байланысты дамыта түсу үшін әуелі ынтымақтастық қажет. Оның тиімді тетігі тап осы өңіраралық дәстүрлі форумы болып тұр. Ел Парламенті мәжілісінің депутаттары екі ел арасындағы байланысты бағамдап, алқалы жиынның мән-маңызына тоқталды.
Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қостанайда өтіп жатқан форум бірінші форум емес. Оның біреуі Қостанай қаласында өткен бізде. Тек ғана ұлттық деңгейде емес, экономикалық қатынас өңірлік деңгейде де болуы керек. Негізгі жұмыс жергілікті деңгейде істеледі. Тікелей, Ресейдің көрішілес облыстарымен. Бұл тек ғана экономикалық емес, гумантитарлық салаларда да.
Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Өздеріңіз білесіздер өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 27 млрд болды. Бұл жаңа рекорд. Бұл Қазақстанның сыртқы саудасының 4/1 деп айтуға болады. Шынын айту керек, біздің шекралас аймақтар осы экономикалық қатынастардың тікелей бенефицияры. Яғни, қызығын, пайдасын көрушілер ғой. 500-ден астам біздің тауар өндірушілер қазір Қостанайда жиналып, уақытын күтіп отыр. Және көптеген екі-аралық келісімшарттарға қол қойылады деп күтіліп отыр.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53