Қызылордада 51 үй апатты жағдайда тұр
Қызылордада көпқабатты үйдің тұрғындары үреймен күн кешіп келеді. Баспананың төбесіндегі бетон жабындылары опырылып, құлаудың үстінде тұр. Жаңбыр жауса кіреберістегі электр желілерінен су бойлап ағады.
Жалпы қалада 51 тұрғын үй апатты деп танылған. Бірақ Жаңқожа батыр көшесіндегі баспана тізімге енбеген.
Айкүміс Мұсаева, қала тұрғыны:
Жоғарыдағы кесектері мүжіліп, сол бетон тұр ғой үстінде. Сол бетондар үстімізге құлайын деп тұр қазіргі уақытта. Былай айтқанда үреймен өмір сүріп жатырмыз. Мен әкімдікке барғанда иә барамыз, өлшейміз айтамыз деген. Енді оны кейіннен хабарлап айтып тұр. 6 миллион теңге дейді.
Ал әкімдіктегілер тұрғындарға үйді қайта жаңғыртудан өткізуді ұсынған. Бірақ одан көпшілігі бас тартқанын айтады. Себебі тұрғын үй заңнамасына сәйкес үйдің шатырын жөндеуге мемлекеттен қаржы қаралмайды. Сондықтан жөндеу жұмыстарына кететін шығынды тұрғындар өз қалтасынан төлеуі тиіс деп отыр.
Абзал Абдулла, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:
6 миллион теңгенің көлемінде біз есептеп шығарып бердік. Қазір тұрғындар өздері ақылдасып жатыр. Ақшалай немесе заттай алып беруге. Сол шешім шыққаннан кейін жөндеу жұмыстарын жүргізіп береміз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08