Антикор қызметкері қылмыскердің жазасын жеңілдетемін деп түрмеге қамалды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы оны 5,5 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарды.
Лауазымды тұлға ауыр қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылған әлдебір азаматтың жазасын жеңілдетіп беремін деген уәдемен оның таныстарынан 120 мың доллар пара алғаны үшін айыпталды. Бұл оқиға 2021 жылы болған. Агенттік төрағасының экс-орынбасары Мақсат Қожабаев алғаш келісілген соманың 20 мыңын Шымкентте, қалған 100 мың долларын кейін Астана қаласында алған. Сот барысында айыпталушы бұл әрекетін мойындамағанымен, келіссөздер барысында диктафонға жазылған сөздер оның айыпты екенін дәлелдеп берді дейді судья. Сондай-ақ осы іске қатысы бар тағы бір азамат 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.
Самиддин Темірәлиев, Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы:
Қожабаев шындығында бұл іс туралы білетінін, «судьяға айтып қойдым, оның хабары бар» деген сөздер айтылған. Оны сот сараптамасы институтының қорытындысында «егер шешілмеген жағдайда, болмаса қайтарамыз» деген сөздері бар. Аталған дәлелдер сотта толық қуатталды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15