ДДСҰ Газаның «әл-Шифа» ауруханасы молаға айналып барады
Израиль әскерінің шабуылдарынан Газаның ең ірі ауруханасы «әл-Шифа» молаға айналып барады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
Оның дерегінше, отын жоқтықтан госпитальде пациенттер өліп жатыр. Олардың арасында мерзімінен бұрын туған балалар да бар. Цахал армиясының жауынгерлері болса, оның қақпасына жақындап қалған.
Сонымен қатар Израиль хамастықтардың Газаны енді бақыламайтынын мәлімдеді. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, қазанның 7-де соғыс басталғалы бұл секторда Израильдің авиациялық соққылары мен жаяу әскер операцияларынан 11 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Мерт болғандардың 4,5 мыңы – бала. Израиль болса, 1400-дей адам жоғалтты. Оның ішінде 240 адам кепілдікке алынып, Газаға әкетілген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14