Алматыда әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды
Алматыда әжетханадан табылған сәбиді ерлі-зайыптылар асырап алды. Баланы асырап алғандар ұзақ жыл некеде тұрып, балалы болмаған. Отбасы нәрестені балалар үйінің базасынан көріп, басқа қаладан арнайы келіп алып кеткен.
Еске салайын, былтыр тамыз айында полиция қызметкерлері дәретхана шұңқырынан шығарып, сәбиді аман алып қалған еді. Артынша 17 жастағы кәмелетке толмаған қыздың түсік тастағаны анықталған. Сот үкімімен кәмелетке толмаған ана кінәлі деп танылып, 8 ай бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған болатын.
Айдар Маметов, қалалық мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері:
Көп жылдар бойы олардың балалары жоқ. 2021 жылы ата-аналар асырау мектебін өтіп, 2023 жылы келіп, баланы ұнатып, басқа қалаға алып кетті. Ол бала асырап алынғаннан кейін алты ай біздің бақылауымызда болады.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15