Алматы полициясы жүргізушілерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Жол ережелерін қатаң сақтау қайғылы жағдайдың алдын алады. Сондай-ақ жазғы дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынатынын да ескертті. Яғни, көлік тізгіндегендер 1 желтоқсанға дейін темір тұлпарын қысқа дайындауы керек. Олай болмаған жағдайда полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, дөңгелегін ауыстырғанға дейін мемлекеттік нөмірді алып қоюға құқылы, - дейді қалалық полиция. Ең төменгі айыппұл 17 250 теңге болады. Егер дәл осы жағдай бір жылда қайталанса екі есе айыппұл төлейді.
Серік Шумаев, Қалалық ПД Басқарма басшысының орынбасары:
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамын. Ауа райының нашарлауы бірінші кезекте жалпы жол жағдайына әсер етеді. Осыған байланысты, көлік жүргізушілеріне көліктерін қыс маусымына алдын ала дайындап, дөңгелектерін ауыстыруға шақырамын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08