Алдағы үш жылда Шымкенттегі кәріз жүйелері біршама жаңартылады
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында тарифті инвестицияға айырбастау негізгі басым бағыттардың бірі болатын. Бағдарлама аясында алдағы үш жылда Шымкенттегі кәріз жүйелері біршама жаңартылады. Яғни, желінің тозуы 5 пайызға азаймақ. Бұл жұмыстарға 4,3 миллиард теңге жұмсалАды. Сондай-ақ, қалада кәріз суын қайта тазартып, одан энергия өндіретін кешен салынып жатыр, екі жылдан соң іске қосылады. Сол кезде, қазіргімен салыстырғанда тәулігіне 50 мың текше метр қалдық су артық өңделмек.
Анарбек Орман, «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС басшысы:
50 мың текше метр болса сондай қондырғыларды ұлғайтамыз. Сағатына 4 мың куб газ өндіріп жатсақ, оның көлемін 6 мыңға жеткіземіз деген ойымыз бар. Сол потенциалды пайдаланып қажетті энергияның 95 пайызын өзіміз өндіретін боламыз.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15