Климаттың өзгеруінен болған зардаптармен күреске Еуропа одағы, АҚШ, Ұлыбритания 400 млн$ жұмсауға уағдаласқан
Дубайдағы саммитке әлемнің 200-ге жуық елінен 70 мыңға жуық делегат шақырылған. Желтоқсанның 12-не дейін өтетін конференцияда қазба отыннан бірте-бірте бас тарту арқылы жаһандық температураны индустриялдық дәуірге дейінгі деңгейінен 2 градустан артық асырмау мәселесі талқыланады. Сонымен қатар қатысушылар кедей елдерге климаттың өзгеруі әкелген зардапттармен күреске қаржы бөлу мәселесін де қарастырады.
Бірер сағат бұрын түскен мәліметке қарағанда Еуропа одағы, АҚШ, Ұлыбритания бірігіп, бұл мақсатқа 400 миллион доллар жұмсауға уағдаласқан. Және де саммитте күннен, желден алынатын «жасыл энергияның» қуатын үш есеге арттыру мәселесі де талқыланады.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы: Жаңа клуб пайдалануға берілді
20.12.2025, 17:56
Құрғақ саумал шетелге экспортталуы мүмкін
20.12.2025, 17:53
72 колледждің техникалық базасы толық жаңартылды
20.12.2025, 17:50
Табысы аз азаматтарға МӘМС жарнасы жергілікті әкімдіктен төленеді
20.12.2025, 17:47
209 млн теңге жұмсалған ауызсу жобасы аяқсыз қалды
20.12.2025, 17:44
Кәріз суын тазартатын жоба жүзеге аспай қалды
20.12.2025, 17:40
Нью-Делидің ластанған ауасы су шашу тәсілімен тазартыла бастады
20.12.2025, 17:37
Вашингтон штатында төтенше жағдай жарияланды
20.12.2025, 17:26