АҚШ-та қылмыскер төрт туысын пышақтап өлтірді
АҚШ-та тұрмыстық зорлық-зомбылық күшейіп барады. Нью-Йорктe кеше түнде бір қылмыскер төрт туысын пышақтап өлтірді. Олардың екеуі 11 және 12 жасар бала. 38 жасар күдікті оқиға орнына жедел жеткен екі полиция қызметкеріне де шабуыл жасап, жарақаттаған. Сол себепті офицерлердің бірі оны атып өлтірді, - деп хабарлайды жергілікті полиция. Зардап шеккен тәртіп сақшылары ауруханаға жеткізілген. Ал күдікті бұған дейін отбасына озбырлық көрсеткені үшін тұтқындалған болып шықты.
Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ұлттық коалицияның мәліметі бойынша АҚШ-та жыл сайын 10 миллионға жуық әйел мен ер отбасы мүшелерінен теперіш көреді. Яғни, әр минут сайын 20-ға жуық адам жақындарының физикалық қысымына тап болады.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде нәресте өлімі азайды
07.08.2026, 10:08
Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
07.08.2026, 10:08
Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды
07.08.2026, 10:06
Фиджитал-би бойынша үздіктер анықталып жатыр
07.08.2026, 10:05
Құс еті мен тауық жұмыртқасын өндіру қарқын алды
07.08.2026, 10:05
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 10:05
Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ
07.08.2026, 10:04
Трамп азаматтық алу мүмкіндігін шектейтін жарлыққа қол қойды
07.08.2026, 10:04