Қостанай облысында тері өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты
Арқалық қаласында екі жыл бұрын қайта жан біткен тері өңдеу зауытының жұмысы тағы тоқтап қалды. Осы кәсіпорынға шикізат дайындайтын тері қабылдау орны мен тігін цехы да жабылды. Сөйтіп шағын шаһардағы қырық шақты адам жұмыссыз қалды. Ұзақ жыл қаңырап тұрған Арқалықтағы тері илеу зауытын қайта жаңғыртуға 600 миллион теңге инвестиция тартылған еді. Айына 30 мың шаршы метрге жуық былғары дайындалатын. Дайын өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей, Украина және Өзбекстан елдері болды. Ішкі нарықтың үлесі 13 пайыз ғана. Зауыт жұмысының тоқтауына сыртқы сұраныстың төмендеуі себеп.
Әмірхан Асанов, Арқалық қаласының әкімі:
Жылдың аяғына шейін басқа бір инвесторлармен жұмыс жүргізіп жатырық келіссөз жұмыстарын. Біздің тараптан да, Үміттің басшысы да бір инвесторлармен келісім-шартқа отырамыз деп ойлаймыз. Қазір келісу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 20:43
Мүгедектігі бар адамдарды қорлағандарға қылмыстық жауапкершілік бар ма?
07.12.2025, 20:30
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58