Тesla 2 млн электромобильді кері қайтарады
Илон Масктің «Тесла» компаниясы 2 миллиондай электромобильді кері қайтарып жатыр. Себебі Американың реттеуші органы оның автоматтық басқару жүйесінен қауіпті ақау тапқан. Бұның алдында осы машиналардың қатысуымен бірнеше жол апаты болды. Ол оқиғалар екі жылдан бері тергеліп жатыр. Жалпы алғанда, «Тесланың» 2015 жылдан бері АҚШ аумағында сатылған барлық автопилотты электромобильдері кері қайтарылмақ. Ресми түрде бұлай аталғанымен, олар зауытқа қайтарылмайды. Компания электромобильдердің борттық компьютеріне жүргізушінің жағдайын бақылайтын жаңа автопилот бағдарламасын интернет арқылы жүктей береді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14