АҚШ-та мұғалімге оқ атқан баланың анасы сотталды
АҚШ-та мектеп мұғалімін атып жаралаған, бірінші сынып оқушысының анасы екі жылға сотталды. 26 жастағы Дежа Тейлорға «баласын қараусыз қалдырды, тапаншасын тиісті орында сақтамады, салдарынан ұлы қаруды мектепке апарып, қылмыс жасады» деген айып тағылған. Ол бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Бірақ, кінәсін мойындап, оқиғаға өкінішін білдіргендіктен екі жыл жаза кесілді. Балаға ешқандай айып тағылмаған, қазір басқа мектепте оқиды. Ал, ауыр жарақат алған мұғалім екі аптаға жуық ауруханада жатып, бес рет операция жасатқан. Сондықтан оқушының мектепке тапанша ұстап келгенін бірнеше рет ескертсе де елемеген мектеп әкімшілігін сотқа беріп, 40 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00