Өзбекстанда тұмаудың жаңа түрі тіркелді
Өзбекстанда H3N2 атауымен белгілі гонконг тұмауының штамын жұқтыру дерегі тіркелді. Вирус жылдам таралса, пандемияға соқтыруы мүмкін деген қауіп бар. Сала мамандары бұл індеттің алдын алу үшін күзде тұрғындарға 2,2 млн доза вакцина егілген дейді. Екпені негізінен медицина қызметкерлері, мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері мен жеткіншектер алған. Соңғы аптада көрші елде тұрғындардың жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтыру дерегі едәуір төмендеген. Есесіне, «шошқа тұмауы» атанып кеткен H1N1 вирусын жұқтырудың жыл басынан бері 4 жағдайы анықталды.
Нұрмат Отабеков, Өзбекстан Республикасы ДСМ СЭС және қоғамдық денсаулық комитеті басшысының орынбасары:
Зертханаларда жүргізілген талдау нәтижесіне сай, әзірге тұмаудың бұл түріне шалдыққан 4 адам бар. Олармен қарым қатынаста болғандар жіті тексеріліп, жағдайды қатаң бақылап отырмыз. Арнайы мониторинг жүргізіп, індеттің таралуына тосқауыл қою шараларын қолға алдық.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00