Өзбекстанға жыл басынан бері 20 млн саяхатшы барған
Биылғы 11 айда Өзбекстанға 20 млн астам саяхатшы барған. Оның 6 млн шетелдіктер. Арасында қазақстандық тұрғындардың да үлесі басым. Туризм, мәдениет пен қолөнер саласын насихаттау бағытында 200-ге тарта іс-шара ұйымдастырылды. Саяхатшылар қатарының артуына бұл да оң әсерін тигізіп отыр. Туризмді дамыту комитетінің мәліметіне сай, аталған сала бойынша жалпы құны 658 млн доллар болатын 448 жоба іске асты. 8 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Жыл соңына дейін тағы 60 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Туризм индустриясы Өзбекстанда жылдам дамып келе жатқан табысты секторлардың бірі.
Комилжон Рахимов, Өзбекстан Республикасы ғылым академиясы шығыстану институтының қызметкері, тарихшы, ғалым:
Саяхат маусымын көктем немесе күз айларында ғана емес, жыл бойы үздіксіз дамытсақ, ұтарымыз көп. Келешекте зиярат туризмі, экотуризм, танымдық немесе гастрономиялық туризм сияқты салаларға бөліп, әртараптандыру бастамасы да қолға алынады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00