Өзбекстанда табиғи газды заңсыз пайдаланған жылыжайлар анықталды
Өзбекстанда табиғи газды заңсыз пайдаланған жылыжайлар анықталды. Олар мемлекетке 526 миллион сум шығын келтірген. Бұл туралы «УзЭнергоИнспекция» басқармасының өкілдері хабарлады. Құқық қорғау органдары мен газбен қамтамасыз етуші компания қызметкерлері жүргізген тексеру барысында заңсыз әрекет әшкере болған. Ташкент облысында орналасқан үш бірдей жылыжай күн күрт суытып кеткендіктен нысанды жылыту үшін көгілдір отынды ұрлап пайдаланған. Айта кетейік, жыл басынан бері Өзбекстанда энергиялық ресурстарды заңсыз пайдаланудың алты мыңнан астам дерегі тіркелген. Жалпы шығын көлемі - 390 млрд сумнан асады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00