Қостанай облысында 88 мың тонна бидай қар астында қалды
Қостанай облысында 88 мың тонна бидай қар астында қалды. Қолайсыз ауа райы салдарынан дихандар осынша астықты орып үлгермеген. Тобыл өңірінде 3,9 млн тонна астық жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 млн тоннаға аз. Әрі шығымдылығы да төмен. Жиналған астықтың 2 миллион тоннадан астамы классқа жатпайды, мал азығына ғана жарамды. Диқандар оны қайда сатарын білмейді. Азық-түлік корпорациясы аймақтан тікелей сатып алу бойынша 94 мың тонна астық қабылдайды. Бұл көлем өте аз, - дейді шаруалар.
Ибрагим Бекмұхамедов, Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
Мұндай жағдай облыстың барлық аудандарында дерлік болды. Тек Жанкелдин ауданы ғана бәрін жинап үлгерді. Осынша Астықтың жиналмай қалуы биылғы үздіксіз жауған жаңбырдың салдары. Жауын-шашын ашылғанмен, егістік батпаққа айналды. Одан кейін ауа температурасы түсіп кетті. Біз ештеңе істей алмадық.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53