Қызылорда облысында 21 мың науқасқа тегін дәрі берілмеген
Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда тиісті сертификаты жоқ мамандар жұмыс істеп келген. Прокурорлар емдеу мекемелерін тексеріп, 21 маманның біліктілігін растайтын құжаты жоқ екенін анықтады. Мұнан бөлек, әскери борышын өтеуге кетіп, тұрғылықты мекен жайында болмаған 900-ден астам азаматтқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді деген жалған құжатпен мемлекеттен 17 миллион теңге төленген. Жалпы облыс бойынша 19 денсаулық сақтау нысанын тексеру барысында 21 мың науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені де белгілі болып отыр.
Әділжан Сыздықов, облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары:
13 адамның құқығы қорғалды. Бұзушылыққа жол берген 242 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде әкімшілік жауапқа тартылғандар да бар. Бюджетке 27 миллион теңге өндірілді.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03