Қызылорда облысында майдангер Төлеген Жүнісов 100 жасқа толды
Қызылорда облысында екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан қарт майдангер Төлеген Жүнісов 100 жасқа толды. Қан майданда Берлин шайқасына дейін қатысып, жеңіс туын желбіреткен соғыс ардагері әлі де тың.
Небәрі 19 жасында майдан даласына аттанған ол жаяу әскер сапында пулеметші болған. Украинаның бірнеше қаласын жаудан азат ету жолында ерен ерлік көрсетіп, «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен наградталған. Ғасырлық белесті бағындырған қарт жауынгер екі ұл, екі қыздан тараған ұрпағымен бақытқа бөленіп, бүгінде үлкен әулеттің мәуелі бәйтерегі. Жүзге толған Төлеген ақсақал жақындарымен мерейлі күнді атап өтті. Сыр өңірінде бүгінде көзі тірі екі соғыс ардагері ғана бар.
Төлеген Жүнісов, соғыс ардагері:
Еліміз аман болсын. Халқымыз аман болсын. Ел-жұртымыз тыныш болсын. Жастарымыздың барлығы оқып, келешегін осы біздің Қазақстанға қызмет етсін Отанына!
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдіктер Қазақстанға келу үшін электронды рұқсат алуы керек
02.11.2026, 13:02
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03