ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай концерт өтті
Түркітілдес мемлекеттер мәдениетінің халықаралық ұйымы ТҮРКСОЙ-дың құрылғанына биыл 30 жыл. Мерейтойлық датаға орай Анкарада халықаралық гала концерт өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзербайжан және Саха мен Молдовадан келген өнерпаздар келді. Әр елдің өнерпаздары өздерінің ұлттық аспаптарында ән салып, ұлттық билерін биледі. Гала концертке келген көрермендердің өнерпаздарға қошаметі де зор болды. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 1993 жылы Алматыда құрылған. Штаб пәтері Анкара қаласында орналасқан.
Кубанышбек Өмірәлиев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы:
Құрылғанына 30 жыл толған ТҮРКСОЙ-дың концерті жоғары деңгейде өтті. Бұл жай ғана концерттік кеш емес, бұл түркі халықтарының мәдениеті мен өнерінің қандай деңгейде екендігінің бір көрсеткіші. Әрі бүкіл әлемге түркілердің ынтымағы мен бірлігін көрсету кеші болды.
Саит Юсуф, ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары:
Мыңдаған жылдарға жалғасқан түркі халықтарының мәдениеті мен өнері осы кеште әуезді әнмен, түрлі аспаптардың үнімен жиналған халыққа жеткізілді деп ойлаймын. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатқан ТҮРКСОЙ-дың 30 жылдық мерейтойы барлық мүше мемлекеттерге құтты болсын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00