Қостанай облысында шырша құлап, шатыр ұшты
Қостанай облысында ала таңнан алай-дүлей боран соғып тұр. Соның салдарынан мектептерде сабақ онлайн өткізіліп, жолдар жабылды. Ақ түтектен ештеңе көрінбей қала ішінде жүрудің өзі қиындады. Көшеде көліктер соқтығысып қалып жатыр. Лисаков қаласында қатты жел орталық алаңдағы шыршаны сұлатып салса, Тобыл қаласында төрт қабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тек үйге жақын тұрған төрт автокөлік зақымданды. Қауіпсіздік үшін оқиға орны қоршалып, құтқарушылар мен полицияның бақылауына алынды.
Захар Комаров, Тобыл қаласының әкімі:
Бұл үйде 32 пәтер бар. Олардың ешқайсына зақым келген жоқ. Қауіпсіздік мақсатында ғимарат электр қуаты мен газдан уақытша ажыратылды. Ақаулар жөнделгесін қайта қосылады. Шатырды да көп ұзатпай қалпына келтірудің жолдарын қарастырып жатырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53