Мыңдаған мигрант АҚШ-қа аттанды
Мексиканың оңтүстігіндегі Тапачула қаласынан сан мың мигрант ұзақ жолға шықты. Армандары – Америка Құрама Штаттарына жету. Олардың алдыңғы шебіндегілер Мексика туын желбіретіп, «Кедейлер көші» деген транспарант ұстаған. Латын Америкасы елдеріндегі зорлық-зомбылық, экономикалық күйзелістен және климаттық өзгерістің жағымсыз әсерінен қашқан мигранттар жақсы тұрмыс іздеп бара жатыр. Вашингтон олар үшін Техас-Мексика шекарасында екі өткізу пунктін ашқан. Ал Мексика президенті Лопес Обрадор америкалық шекарашылардың қызметін жеңілдету мақсатында бұл көшті шектейтінін мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14