Қостанай облысында боранда үш адам жоғалып кетті
Қостанай облысында ақ түтек боранда үш адам жоғалып кетті. Ғимараттардың шатыры ұшып, 165 елді мекенде жарық өшкен. Өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек бізбен тікелей байланыста. Дәуренбек, күн райы жақсаратын түрі бар ма? Жоғалған адамдардан не хабар?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Кеше кешкісін боран саябырлап, жолдар ашыла бастады. Бүгін желдің екпіні бәсең. Әйтсе де көктайғақтың салдарынан екі аудан мен Арқалық қаласында сабақ онлайн өтіп жатыр. Жоғалған үш адамның бірі – бақташы Қостомар ауылына жақын маңнан аман-есен табылды. Ал Степное ауылынан Тобыл қаласына жаяу шыққан 58 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінен әлі хабар жоқ. Іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қатты жел 4 тұрғынүй мен 15 білім беру мекемесінің шатырын жұлып әкеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Жарығы өшкен 165 елді мекеннің қазір 40-тан астамына электр қуаты берілді. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бір ғана сүйінші хабар бар. Кеше жедел жәрде көлігімен жолда қалып, құтқарушылар перзентханаға жеткізген келіншек аман есен босанып, шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді. Дәрігерлердің айтуынша ана мен баланың жағдайы жақсы. Дүниеге келген сәби отбасындағы төртінші бала.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес
07.04.2026, 20:57
Конституцияны түсіндіру жұмысы жаңа қарқын алады
07.04.2026, 20:52
Азия чемпионаты: Сегіз боксшымыз финалда
07.04.2026, 20:50
Жоғалған балалар бірнеше күннен бері табылмай жатыр
07.04.2026, 20:14
Соңғы 3 жылда терезеден 104 бала құлап, көз жұмды
07.04.2026, 20:10
Тегеран Трамптың шарттарын орындаудан бас тартты
07.04.2026, 20:10
Бензин бағасы бақылауда
07.04.2026, 20:08
Алматыда самокаттардың тең жартысы айып тұрағына қойылды
07.04.2026, 20:08