Ұлыбританияда «Хэнк» дауылы көтерілді
Англия мен Уэльстің біраз бөлігін «Хэнк» дауылы әбігерге салды. Нөсер жауын мен қатты жел салдарынан жарық сөніп, көлік қатынасы үзілді.
Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға дейін жеткен. Дауыл салдарынан жүздеген мың абонент электр қуатынсыз қалды. Автокөлік және теміржолдарды су басып, жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай қалған. Метереологиялық басқарма қауіптің сары деңгейін жариялап, халыққа аса қажет болмаса, үйден шықпауға кеңес берді. «Хэнк» дауылы соңғы үш айда болған сегізінші таибиғи апат. Мамандар сөзінше ол енді Еуропаның солтүстігіне қарай жылжиды.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00