«Кәсіподақтар туралы» заң жобасы талқыланды
«Кәсіподақтар туралы» заң жобасында азаматтардың мүддесін қорғаудың жаңа тетіктері қаралған. Осы өзгеріске сәйкес, қоғамдық бірлестік еңбек адамының құқын қорғаумен шектелмейді. Олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынасқа етене араласуға құзырлы болады. Бұл туралы Қостанайда өткен «Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары мен кәсіподақ ұйымы өкілдерінің кездесуінде айтылды. Жаңа заң жобасы Үкімет сүзгісінен өтіп, Парламент қарауына жіберілген. Кәсіподаққа артылатын мақсат, міндеттер елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалармен үндес -дейді жиынға қатысушылар.
Ислам Сұңқар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мемлекет басшысы өз сұхбатында айтты, елімізде көптеген саяси өзгерістер жүріп жатыр. Осы саяси реформаларды іске асыру үшін азаматтық қоғамның дамуы маңызды. Қазіргі таңда біздің ұсынысымыз бойынша және де осы заң аясында қазіргі таңда осы ең төмеңгі жалақыны санау әдісі өзгеретін болады. Егер осы әдіспен баратын болсақ, онда орташа жалақы ең төмеңгі жалақы 130 мың болмақ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53