Қазгидромет 9 өңірдің тұрғындарына дауылды ескерту жариялады
Қазгидромет 9 өңірдің тұрғындарына дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік аймақтарда бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысында қатты жел тұрып, екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Өңірдің кей бөлігіне тұман түседі. Орталықта да бұрқасын болады. Жезқазғанда күндіз қарлы боран соғады. Елдің батысында да бұрқасын болып, тұман түседі. Ақтауда және Түркістан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман болып, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Құбылмалы ауа райында абай болыңыздар.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14