Ауыр дертке шалдыққан жасөспірімнің арманы орындалды
«Menin Armanym» корпоративтік қоры 200 жылдық мерейтойына орай, ауыр дертке шалдыққан баланың арманын орындады. 14 жастағы Аян Сарыбаев қатерлі талшықты гистиоцитомадан 8 жасынан бастап емделіп жүр. Ауруханада жатқанда Аян анасымен бірге қордың сауалнамасын толтырып, Диснейлендке бару негізгі арманы екенін жазған. Қор дәрігерлермен кеңесіп, рұқсат алған соң Парижге 5 күнге барып келді. Қаланың көшелерінде серуендеп, Эйфель мұнарасы мен танымал мұражайларды аралап Диснейлендті тамашалады. Жалпы, қор ауыр дертпен ауыратын 3 -18 жас аралығындағы балалардың армандарын орындауға жәрдемдесіп, паллиативтік көмек көрсетеді. Қор жұмысын бастағалы елдегі 211 баланың арманын орындаған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14