Еуропада кәсіпорындар банкротқа ұшырап жатыр
Еуропадағы энергетикалық дағдарыс шағын және орта бизнестің жағдайын қиындатып отыр. Бір ғана Францияда былтыр 55 мыңнан астам кәсіпорын банкротқа ұшыраған. Дені – мейрамхана, қонақ үй бизнесімен айналысқандар. Елдің Орталық банкінің басшылары бұрын-соңды мұндай болмаған деп алаңдап отыр. Кәсіпорындардың жабылуына несиенің пайыздық үстемесінің өсуі және электроэнергияның қымбаттауы себеп болған. 5,5 млн халқы бар Финляндияда өткен жылы 3 мыңнан астам кәсіпорын жабылған.
Йоханнес Лайне, кәсіпкер:
Менің саунам Фин сауналарының ішіндегі үздіктерінің бірі еді. Тоқ пен судың бағасы шарықтаған соң жабуға мәжбүр болдым. Әбден шығынға баттым. Үкіметтен еш қолдау жоқ.
Юхани Виртанен, экономикалық сарапшы:
Кәсіпорындардың жаппай жабылуы-дағдарыстың қаншалықты қатты екенін аңғартады. Соңғы 25 жылда тіркелмеген көрсеткіш. Финляндияда қазір жұмыссыздардың саны 200 мыңнан асты.
Нұргүл Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12