Стамбұлда тұмау өршіді
Түркияда тұмау және ауа арқылы тарайтын вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт артты. Әсіресе, Стамбұл қаласында ауруханаға түскен науқас көбейген. Елдің Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа тыныс жолдары ауруларының арта түскенін, сондықтан оған жеңіл-желпі қарамай дер кезінде ем қабылдау қажеттігін ескертті. Стамбұлдық дәрігерлер тұмау, Ковид сияқты жұқпалы вируспен ауырғандар өткен аймен салыстырғанда 50 пайызға көбейгенін айтты. Салдарынан кей ауруханда науқастарды жатқызатын жер болмай қалған. Мамандар жұқпалы аурулардың бұлай күрт дендеуін адамдардың пандемия біткеннен кейінгі кезеңде маска тақпауымен байланыстырады.
Нуреттин Игит, Стамбұл қалалық ауруханасының бас дәрігері:
Жұқпалы вирустық аурулар Стамбұл сияқты үлкен қалаларда жылдың барлық мезгілінде де болады. Алайда биыл қыста науқастар күрт көбейді. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі. Сондықтан 65 жастан асқан азаматтар вакцина алғандары абзал.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00