Қар үстінде жалаңаяқ жүгірген балалар: Ата-аналардың келісімі бойынша жүргізіледі
Балабақша тәрбиеленушілері қар үстінде жалаңаяқ жүр. Балаларды шынықтырудың ерекше тәсілі Ақтөбедегі №40 «Балдәурен» мектепке дейінгі ұйымында ұзақ жылдардан бері жүзеге асып келе жатыр.
1973 жылы ашылған балабақшада тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Бұл әдістің қолданыла бастағанына 34 жыл болған. Балалар суықта қар үстінде жүруге жаз ортасынан бастап дайындалады. Алғашында олар жылы суға аяқтарын салып үйренеді. Кейін су температурасы біртіндеп салқындатыла бастайды. Бұл топқа балалар тек ата-аналардың арызы негізінде ғана қабылданады.
Нұрзат Мұстафаева, балабақша меңгерушісі:
Бұл сауықтыру шарасымен айналысатын жалғыз балабақша. Сауықтыру шарасына 30 жылдан бері қалалық білім бөлімі бекіткен бағдарлама негізінде бұрын вариативті бағдарлама ретінде жүргізілсе, қазіргі таңда ақылы қызмет түріне енгізіліп, ата-аналардың келісімі бойынша жүргізіледі.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15