Қостанай облысында екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асады
Қостанай облысының Қарабалық ауданында биыл екі ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның бірі - жылына 8 млн балапан шығаратын инкубатор кешені. Құны 2,5 млдр теңге. Бұл жерде балапан шығарып қана қоймай оны өсіріп, сойып, етін өңдейтін цехтар да бой көтереді. Екіншісі жылына төрт мың тоннаға жуық сүт өндіретін сиыр фермасы. Мұнда да тек сүтті өндірумен қатар оны өңдеп, түрлі тағамдар жасап шығару жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, жоба 5 жыл ішінде өз құнын толық ақтайды.
Марал Ыбырай, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Жоба құны 3 млдр теңгеден асады. Қазір құжаттары дайындалып жатыр. Көктемде құрылыс жұмыстары басталады. Күзде Австралиядан асыл тұқымды сүтті сиырларды әкеле бастаймыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15