Экологияны ластаған компанияларға айыппұл салынды
Экологияны ластаған кәсіпорындарға 323 млрд теңге айыппұл салынды. Оның тек 11,3 млрд теңгесі өндірілген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Ең көп айыппұл арқалаған өнеркәсіптің бірі – Karabatan Utility Solutions. Кәсіпорын экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 7,2 млрд теңге төлейді. Ал «Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд айыппұл салынды. Өңірлер арасында қоршаған ортаға ең көп зиян келтірген өнеркәсіптер Шығыс Қазақстан облысында. Мұнда төрт нысан жалпы сомасы 2,6 млрд теңге төлеуге міндетті. Одан кейін Қызылорда облысындағы кәсіпорынға 681 млн, Абай облысындағы 4 нысанға 677 млн теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12