Азия кубогында сенсация: Тәжікстан Біріккен Араб Әмірліктерін пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты
Қатарда футболдан өтіп жатқан Азия кубогында сенсация! Дүбірлі додаға алғаш рет қатысып жатқан Тәжікстан құрамасы 1/8 айналымында Біріккен Араб Әмірліктерін пенальти сериясында жеңіп, ширек финалға шықты.
Матчтың 30-минутында тәжік елінің футболшысы Вахдат Ханонов есеп ашты. БАӘ ойыншылары негізгі уақыттың соңына қарай ғана есесін қайтара алды. Ойынның негізгі уақытын 1:1 есебімен тең аяқтаған қарсыластар қосымша уақытта да бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Ал пенальти сериясында 5:3 есебімен тәжіктер жеңіске жетті. Енді олар ширек финалда Ирак/Иордания жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды
03.11.2026, 20:30
Қазақ музыкалық-драма театрының қазығы қағылды
03.11.2026, 20:22
Ақтөбеде республикалық маңыздағы үш жолдың құрылысы басталды
03.11.2026, 20:20
Елімізде дәріханалар саны 10 мыңнан асты
03.11.2026, 20:18
Президент жолдауындағы басым бағыттар талқыланды
03.11.2026, 20:17
Дәрігерге күш көрсеткендерге қатысты 50 қылмыстық іс тіркелген
03.11.2026, 20:17
Өнім өндіретін кәсіпкерлерге қолдау кеңейеді
03.11.2026, 20:17
Хакерлер Еуропаның 7 елінде тоңазытқыштарға шабуыл жасады
03.11.2026, 20:14