Алматы облысында заңсыз ауланған балық Еуропаға экспортталған
Алматы облысынан мың тоннадан аса заңсыз ауланған балық ЕуроОдақ елдеріне экспортталған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Компания шетел асыруға рұқсат алу үшін жалған құжат жасаған. Яғни, 1135 тонна көксеркені Қырғыз Республикасынан аулап, елімізге кіргізілгенін растайтын ветеринарлық сертификатты қолданған. Алайда, бұл балық Алматы облысының су қоймаларынан рұқсатсыз ауланғаны анықталды.
Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Тергеу барысында 125 тонна көлемдегі балық өнімін экспорттауға дайындап, түсіру оқиғасы анықталып, тоқтатылды.Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық контрабанда үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kozybayev University ғалымдары жол жабынының беріктігін арттыратын технология әзірледі
02.11.2026, 18:35
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17
Атырауда экстремистік топтың 10 мүшесі ұсталды
02.11.2026, 17:13
Жол салу стандарттары өзгереді
02.11.2026, 17:12
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15