Қостанай облысында мұз астына оттегі жіберу жұмысы жүріп жатыр
Қостанай облысында балықтың жаппай қырылу қаупі туындап тұр. Бұған бірнеше жыл бойы су дұрыс түспей өзен-көлдердің таяздап қалуы себеп. Мұз үстіндегі қалың қар күн сәулесін өткізбейді. Соның салдарынан оттегін өндіретін су асты өсімдіктері өспейді. Қалғаны шіріп, бұзылуынан метан, күкіртсутегі газы бөлініп, ауаны ластап, балықтардың қырылуына әкеп соқтырады. Қауіптің алдын алу үшін, су айдындарында ойық ойып, мұз астына оттегі жіберу жұмыстары жүріп жатыр. Облыс аумағында сегіз мыңнан астам өзен-көл бар. Соның ішінде балық аулауға жарамды 384 су айдынының 245-і табиғат пайдаланушыларға бекітіп берілген.
Серік Бейсембаев, Тобыл-Торғай облысаралық бассейіндік инспекция басшысы:
Өзен-көл суын оттегімен қанықтыруды қаңтар айында бастадық. Бұл науқан сәуірге дейін, мұз еріп кеткенше жалғасады. Осы жұмысқа қоғамдық ұйым, жергілікті атқарушы орган өкілдерін, эколог, су шаруашылығы мамандарын тартып отырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53