Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы нәтиже берген жоқ
Халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру бағдарламасы нәтиже берген жоқ. Бүгін Үкімет сағатында Сенат төрағасы осындай сын айтты. Мәулен Әшімбаевтың сөзінше, бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келеді. Ал солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдары халық саны Солтүстік Қазақстан облысында - 22, Павлодарда - 6 және Қостанай облысында 8 пайызға азайған. Сенат төрағасы бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы күткен нәтиже бермегенін айтты. Осы орайда Мәулен Әшімбаев қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заңда еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру шаралары қарастырылуы қажет екенін айтты.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15